• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2026
  • Ісінусіз жол жүру: аяқ денсаулығы үшін қарапайым лайфхактар

     

    Ұзақ жол, тар орындық, жолай жеңіл-желпі тамақтану және қимылдың аздығы − мұның бәрі аяқ пен тобықтың жағымсыз ісінуіне әкелуі мүмкін. Бұл, әсіресе, әуе жолаушылары арасында жиі кездеседі. Көп жағдайда мұндай жағдай қауіпті емес, бірақ демалыс не іссапар әсерін бұзуы ықтимал.

    Жақсы жаңалық: ісінудің алдын алуға немесе оны барынша азайтуға болады. Бұл мақалада жол үстінде неге ісік пайда болатынын, аяқтың жеңілдігін қалай сақтауға болатынын және қай жағдайда дәрігерге қаралу керектігін айтамыз.

    Жолда неге аяқтар ісінеді?

    Басты себеп − қимыл-қозғалыстың аздығы. Ұзақ отырыс кезінде төменгі аяқ-қолдардан қан мен лимфаның ағуы бұзылады. Аяқ бұлшықеттері іс жүзінде жұмыс істемейді, демек, қанды жүрекке қарай айдауға көктамырларға көмектеспейді. Нәтижесінде сұйықтық тіндерде жиналып, ісінуді туғызады.

    Сондай-ақ ісінуге мына факторлар әсер етеді:

    • тізе бүгіп отыру, мұнда көктамырлар қысылады;
    • жолда жиі тұтынатын тұзды тағамдар (фастфуд, тіскебасар);
    • ағзаның сусыздануы, бұл сұйықтықтың ұсталуын қоздырады;
    • жүрек, бүйрек, қалқанша без аурулары, сондай-ақ жүктілік пен көктамырлық жетіспеушілік.

    Қашан алаңдап, кідіріс жасау (егер көлікпен болсаңыз) не салон ішінде жүріп қайту керек?

    Тоқтау не салон ішінде аздап жүру қажеттігін ойға салатын белгілер − аяқтағы «қыжылдаған» сезім, салмақ, шаншу. Бұл оттегінің жеткіліксіздігін білдіруі мүмкін. Үзілістердің саны мен ұзақтығы сапардың уақытына байланысты. Ауа райы да әсер етеді: сырт та, салон да ыстық болса, адам көп терлейді, ағзадағы су тепе-теңдігі бұзылуы ықтимал.  Демек, ыстықта кідіріс қажеттілігі жоғары.

    Сапарда аяқтың ісінуін болдырмаудың 10 кеңесі

    1. Су ішіңіз

    Ісігу мазаласа, көпсу ішу қисынсыз көрінуі мүмкін, бірақ дәл су артық тұзды шығарады. Сапардың алдындағы күні және жолға шығар күні жеткілікті су ішіңіз. Бұл − дәретханаға бару үшін тұрып-қозғалуына да себеп болады. Диуретиктерді қабылдау ұсынылмайды: бұл  қанды қоюландырып жіберуі мүмкін.

    2. Тұзды тағамнан сақтаныңыз

    Жолға сүйікті тіскебасарыңызды алғыңыз келе ме? Қайта бір ойланған жөн! Тұз қанша көп болса − ағзада су сонша ұсталады. Сапардың қарсаңында және жол күні чипсы, ысталған тағам, фастфуд және натрийі жоғары өзге де жеңсік асқа өзіңізді шектеңіз.

    3. Компрессиялық шұлық киіңіз

    Мұндай шұлықтар не гольфтер көктамырларға күшті еңсеруге көмектесіп, аяқта қанның іркілуін болдырмайды. Бұл ұзақ ұшулар мен сапарларда әсіресе маңызды. Тізеге дейінгі, орташа қысатын үлгілерді таңдаңыз. Спортқа, жүгіруге, саяхатқа арналған сәнді нұсқалар да бар.

    4. Тұрып, қозғалыңыз

    Әр сағат сайын тұрып, дәлізбен аздап жүріп қайтуға тырысыңыз, ұшақ салоны болсын, пойыз вагоны болсын. Егер көлікпен жүрсеңіз, тоқтап, салоннан шығыңыз. Екі-үш қадамның өзі қанайналымды іске қосады.

    5. Отырып-ақ жаттығу жасаңыз

    Орнынан тұруға қолайсыз болса, дәл орныңызда қарапайым гимнастика жасаңыз:

    • табанның ұшымен және өкшемен алма-кезек көтерілу-түсу;
    • табанды айналдырыңыз;
    • балтыр мен сан бұлшықеттерін кезектеп жиырып-босатыңыз.

    Бұл қозғалыстар бұлшықеттерді іске қосып, іркілуге жол бермейді. Ісік пайда болған тұстарды жеңіл уқалау да сұйықтықтың тарауына көмектеседі.

    6. Сөмкені еденнен алыңыз

    Егер қол жүгін отырғыш астына қойсаңыз, аяққа арналған орынды өзіңіз тарылтасыз, соның салдарынан отыру қолайсыз болып, қанайналым нашарлайды. Жүкті үстіңгі сөреге қойған немесе жаныңызға ыңғайлап орналастырған дұрыс.

    7. Аяқты айқастырмаңыз

    Бұл қанның қалыпты қозғалысына кедергі келтіріп, ісінуді күшейтеді. Түзу отырып, аяқтарыңызды еденге қойыңыз, әрі-бері қалыпты өзгертіп отырыңыз. Бұған қоса ұйып-шаншу сияқты жағымсыз сезімдер қосылуы мүмкін.

    8. Дене қалпын жиі өзгертіңіз

    Өзіңізді жайлы сезінсеңіз де − сол қалыпта сағаттап отырмаңыз. Бір жерге ұзақ қысым түсуі ісінуге әкеледі. Қозғалыңыз, созылыңыз, дене салмағын екі жаққа ауыстырыңыз.

    9. Мүмкін болған сәтте − аяқтарыңызды көтеріңіз

    Жаныңызда бос орын болса, аяқтарыңызды отырғышқа не сөмкеге қойыңыз. Бұл лимфа мен қанды жоғары қарай қайта ағуға көмектеседі. Қонақүйге жеткен соң − аяқтарыңызды жастыққа не қабырғаға сүйеп көтеріп жатыңыз.

    10. Аяқ киімді дұрыс таңдаңыз

    Жолға өкшесіз, қатты бөлшектері жоқ, жұмсақ әрі жайлы аяқ киім киіңіз. Оны оңай шешіп-кие алған жөн. Бұл кез келген сәтте аяқтарыңызды сергітіп, уқалап, қысып қалудан сақтайды.

    Аяқтарыңыз ісініп қойса не істеу керек

    Ұзақ жолдан кейін ісіну байқалды ма? Жағдайды жеңілдетуге көмектесетін бірнеше тәсіл бар:

    • қозғалыңыз − серуен не жеңіл жаттығу іркілген сұйықтықты тезірек таратады;
    • су ішіңіз − артық тұзды шығаруға көмектеседі;
    • келген соң тұзды тағамнан аулақ болыңыз;
    • аяқтарыңызды жастыққа не қабырғаға тіреп көтеріңіз;
    • салқын душ қабылдаңыз не аяққа арналған ванна жасаңыз.

    Аяқ ваннасы бұлшықеттерді босаңсытып, қанайналымды реттейді. Ол үшін жылы суға теңіз тұзын, эфир майларын немесе шөп тұнбасын қосуға болады.

    Қашан дәрігерге қаралу керек?

    Әдетте аяқтағы ісіну қалыпты белсенділікке оралғаннан кейін бір тәулік ішінде өздігінен басылады. Алайда кей жағдайларда медициналық көмек қажет. Дәрігерге жүгініңіз, егер:

    • ісіну айқын және бір тәуліктен ұзақ сақталады;
    • бір аяқ екіншісіне қарағанда қаттырақ ісінген;
    • аяқта қызару, ауырсыну, қызу бар;
    • ентігу, кеуде ауыруы немесе жүрек қағысының жиілеуі пайда болды.

    Бұл терең көктамыр тромбозының белгісі болуы мүмкін − терең венада қан ұйындысы түзілетін қауіпті жағдай. Мұндайда дәрігерге жедел қаралу қажет. Мұндай жағдайларда флебологқа немесе тамыр хирургіне қаралған жөн.

    Қорытынды

    Жолда аяқтың болар-болмас ісінуі − жиі әрі, жалпы, зиянсыз құбылыс. Бірақ оны шыдап жүрудің қажеті жоқ. Қарапайым кеңестерді қолданыңыз: қозғалыңыз, су ішіңіз, бір қалыпта отырмаңыз, тұздыға әуестенбеңіз − аяқтарыңыз рақмет айтады. Саяхат қуаныш сыйлауы тиіс, аяққа салмақ емес. Осы ұсыныстарды ұстансаңыз, демалыс шынымен жайлы өтеді!

    Аяқ ісінеді — қай дәрігерге қаралу керек?

    Аяқтың ісінуі — түрлі себептерге байланысты болатын белгі, сондықтан ілеспе белгілер мен жалпы жағдайға қарай мына мамандарға жүгінуге болады:

    Терапевт ісінуде алдымен баруға тиіс дәрігер. Жалпы тексеру жүргізіп, базалық талдаулар тағайындайды және қажетті тар маманға жібереді.

    Кардиолог ісіну ентікпе, әлсіздік, жүрек қағысының жиілеуімен қатар жүрсе. Жүрек жеткіліксіздігі не қанайналым бұзылысына байланысты болуы мүмкін.

    Нефролог егер ісіну таңертең, әсіресе бетте және аяқта байқалса, қан қысымы жоғары болса — бүйрек проблемаларына күдік бар.

    Флеболог (тамыр хирургі) — егер ісіну кешке күшейсе, аяқта ауырлық, тамыр «жұлдызшалары» немесе варикоз болса. Бұл веноздық жетіспеушілік не тромбозбен байланысты болуы ықтимал.

    Эндокринологқалқанша без ауруларына (мысалы, гипотиреоз) күдік болса; олар да ісінуге себеп болуы мүмкін.

    Ортопед немесе ревматолог егер ісіну буын ауыруы, сіресу, қабынумен қатар жүрсе.

    Қажетті дәрігерді TopDoc.kz платформасынан оңай таба аласыз:

    • Кеңесші сіздің симптомдарыңызды ескеріп, нақты қай маманға бару керегін айтады;
    • Дәрігерлерді пікірлер, тәжірибе және қабылдау құны бойынша салыстыруға болады;
    • Жазылу онлайн, WhatsApp арқылы немесе TopDoc кеңесшісі көмегімен +7(707)2255009 нөмірі бойынша жүзеге асады.

    Кездесуді кейінге қалдырмаңыз — ісіну елеулі бұзылыстардың белгісі болуы мүмкін.

    Аяқ ісіп кетті — бұл қауіпті ме?

    Қауіпті болуы мүмкін, әсіресе ісік аяқ астынан, бір аяқта пайда болып, ауырсыну, қызару, тығыздалу немесе тері температурасының жоғарылауымен қатар жүрсе. Мұндайда дереу дәрігерге көріну керек, себебі бұл мына жағдайлардың белгісі болуы ықтимал:

    • Терең көктамыр тромбозы — венада тромб түзіліп, ол үзіліп кетіп, өкпе артериясының тромбоэмболиясына әкелуі мүмкін қауіпті жағдай. Бұл жедел медициналық көмекті қажет етеді.
    • Қабыну үдерістері — мысалы, роза (эризипела) немесе лимфаденит; олар да жергілікті ісіну, қызару, ауырсынумен көрінуі мүмкін.
    • Жарақат не соғылу — сынусыз-ақ жұмсақ тіндер, байламдар, буындардың ішкі зақымдалуы ісіну және ауырсынумен қатар жүруі мүмкін.

    Ал егер ісік:

    • екі аяқта біртіндеп пайда болса;
    • кешке қарай күшейсе;
    • ауырлықпен қатар жүріп, бірақ ауыртпаса —

    онда ол, көп ықтималдықпен, веноздық жетіспеушілік, варикоз немесе бүйрек, жүрек не лимфа жүйесі мәселелерімен байланысты. Қалай болғанда да, бұл — ағзаға көмек керектігінің белгісі.

    Себебін анықтау үшін, ілеспе белгілерге қарай, терапевтке, флебологқа, кардиологқа немесе нефрологқа қаралған дұрыс.

    TopDoc.kz сайтында қажетті маманды жылдам табасыз, шынайы пікірлерді оқып, онлайн жазыла аласыз. Қажет болса, кеңесші көмегі және дәрігердің үйге баруы қолжетімді.

    Қорытынды:

    Аяқтың ісінуін елемеуге болмайды. Ол кенеттен не біржақты болса — қауіпті. Егер тұрақты әрі екіжақты болса — бұл тексеруден өтуге маңызды себеп.

    Пациент пікірлері бойынша үздік флебологтар (тамыр хирургтары) (TopDoc.kz нұсқасы):

    Шарипов Асхат Сагынович

    Мамандығы: тамыр хирургі, флеболог (медицина ғылымдарының кандидаты)

    Тәжірибесі: 26 жыл

    Рейтинг: 5.0 (307 пікір)

    Қабылдау құны: 15 000 ₸* (төменгі аяқ-қол көктамырларының УЗДГ-сы кіреді)

    Варикозды емдеуге маманданған, эндовенозды лазерлік коагуляция (ЭВЛК), аяқтағы тамыр «жұлдызшаларын» радиожиілікті микротермокоагуляциялау және т.б. жүргізеді.

    *Қабылдау құны 2025 жылғы шілде айына өзекті

    Имангалиев Аскар Мелисович

    Мамандығы: тамыр хирургі, флеболог (жоғары санат)

    Тәжірибесі: 24 жыл

    Рейтинг: 4.9 (173 пікір)

    Онлайн-консультация қолжетімді, қабылдау құны — шамамен 7 000 ₸*

    Қан тамырларына реконструктивті операциялар жасауда жоғары біліктілік

    *Қабылдау құны 2025 жылғы шілде айына өзекті

    Бильдебеков Есентай Амантаевич

    Мамандығы: ангиолог, тамыр хирургі, УДЗ-маман, флеболог

    Тәжірибесі: 15 жыл

    Рейтинг: 4.7 (141 пікір)

    Ересектерді және 16 жастан бастап жасөспірімдерді қабылдайды

    Қабылдау құны — шамамен 15 000 ₸*

    Ангиохирург-дәрігер (интервенциялық хирург, рентгенхирург)

    Әр түрлі күрделіліктегі тамыр ауруларын (оперативті және консервативті) емдеу

    Магистральды және шеткері артериялар мен көктамырлардың УЗДГ‑сы

    *Қабылдау құны 2025 жылғы шілде айына өзекті

    Джуматаева Алия Бакытжановна

    Мамандығы: тамыр хирургі, флеболог, лимфолог

    Тәжірибесі: 13 жыл

    Рейтинг: 4.9 (74 пікір)

    Қабылдау құны: 15 000 ₸* (төменгі аяқ-қол артериялары мен көктамырларының УЗДГ‑сы)

    Тамырларға жасалатын барлық операция түрлері: радиожиілікті абляция, радиожиілікті термокоагуляция, эндовенозды лазерлік облитерация, флебосклероздау.

    Қант диабетіне қатысты аяқ асқынуларын және трофикалық ойық жараларды емдеу тәжірибесі бар.

    *Қабылдау құны 2025 жылғы шілде айына өзекті

    Киргизбаев Серик Жузбаевич

    Мамандығы: тамыр хирургі, флеболог, жоғары санатты дәрігер

    Тәжірибесі: 29 жыл

    Рейтинг: 4,9 (48 пікір)

    Қабылдау: 9 500 ₸*

    Орындайтын процедуралар: варикозды тамырлардың склеротерапиясы; жоғарғы және төменгі аяқ-қол тамырларының УЗДГ‑сы; көктамырлардың радиожиілікті абляциясы (РЧА).

    *Қабылдау құны 2025 жылғы шілде айына өзекті

    Бұл дәрігерлер — TopDoc.kz платформасындағы ең танымал әрі жоғары бағаланған мамандардың бірі. Онда сіз:

    • Нағыз пациент пікірлерін оқи аласыз,
    • Тәжірибе, мамандану және құнын салыстырасыз,
    • Қабылдауға жазыласыз — бетпе-бет, онлайн немесе дәрігерді үйге шақыру арқылы.    

    Бұл — талаптарыңызға сай сенімді флебологты табудың ыңғайлы әрі қауіпсіз жолы.

    Колл-орталыққа қоңырау шалыңыз +7(707)2255009 немесе  WhatsApp арқылы жазыңыз