Дені сау бауыр және май жиналған бауыр
Егер сіз артық салмақтан зардап шегіп, аз қозғалып, оң қабырға асты аймағында ауырлық сезінсеңіз – бұл бауыр ауруының белгісі болуы мүмкін. Бауыр – адамның ең ірі ішкі органы, ол күн сайын жүздеген маңызды қызмет атқарады: қанды сүзеді, токсиндерді шығарады, өт бөледі, майлардың қорытуына көмектеседі және зат алмасуға қатысады.
Кейде бауыр жасушаларында май жинала бастайды. Егер майдың мөлшері шамадан тыс көбейіп, орган салмағының 5%-нан асып кетсе – дәрігерлер бұл жағдайды бауыр стеатозы немесе бауырдың майлы ауруы деп атайды.
Бұрын бұл ауру әртүрлі атаулармен белгілі болған: «бауырдың майлы ауруы», «майлы бауыр», «бауырдың майлы гепатозы», «бауырдың семіруі». Қазір мамандар неғұрлым дәл термин – стеатоздық бауыр ауруы деген атауды қолданады. Бұл атау бауырда май жиналуына әкелетін себептердің әртүрлі екендігін көрсетеді және пациенттерді қажетсіз стигматизациядан қорғауға көмектеседі.
Бауырда майдың жиналуы әртүрлі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін. Негізгі себептері:
• алкогольді шамадан тыс пайдалану;
• артық салмақ және семіздік;
• холестерин мен триглицерид алмасуының бұзылуы;
• гормоналды өзгерістер (мысалы, поликистозды аналық без синдромы немесе гипотиреоз кезінде);
• кейбір дәрілерді ұзақ қабылдау, мысалы стероидтар.
Кей адамдарда ауру қалыпты салмақта және алкогольді аз мөлшерде тұтынғанда да дамуы мүмкін — мұндай жағдайда метаболикалық бұзылыстар мен тұқым қуалайтын бейімділік маңызды рөл атқарады.
Дәрігерлер стеатозды бауыр ауруының бірнеше түрін ажыратады:
Алкогольдік бауыр ауруы — шамадан тыс алкоголь қолданудың салдарынан дамиды. Спирттің әсерінен бауыр жасушалары зақымданып, уақыт өте келе олардың орны май тінімен және тыртық тінімен (фиброзбен) алмасады.
Алкогольсіз бауыр майлы ауруы — алкогольді көп пайдаланбайтын адамдарда кездеседі. Бауырда майдың жиналуы инсулинге төзімділікпен және метаболикалық синдроммен байланысты.
Ерте кезеңдерінде бауыр стеатозы ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Бірақ уақытында мән берілмесе, ол прогресс жасап, келесі асқынуларға әкелуі мүмкін:
Мамандардың айтуынша, бауыр обыры бар науқастардың шамамен 90%-ында бұрын цирроз болған. Сондықтан мәселені елемей қоймай, уақытында тексеруден өтіп, емдеуді бастау өте маңызды.
Дені сау бауыр және майлы бауыр
Майлы гепатоздың бастапқы кезеңдері көбіне симптомсыз өтеді. Алайда ауру өршіген сайын келесі белгілер пайда болуы мүмкін:
Осындай белгілер пайда болса, әсіресе артық салмақ немесе қант диабеті бар адамдарда, міндетті түрде дәрігерге қаралып, бауырдың жағдайын тексеру керек.
Гепатологқа немесе гастроэнтерологқа қабылдауға TopDoc дәрігер іздеу сервисі арқылы оңай жазылуға болады.
Бұл ауру көбіне айқын белгілер бермегендіктен, оны көбінесе кездейсоқ − мысалы, жоспарлы қан талдауы кезінде анықтайды.
Қан талдауында бауыр ферменттерінің (АЛТ, АСТ) жоғарылауы алғашқы белгі болуы мүмкін.
Диагнозды нақтылау үшін дәрігер келесі тексерулерді тағайындауы мүмкін:
Бауырдың майлы ауруы үшін арнайы «сиқырлы» таблеткалар әлі жоқ. Емдеудің негізгі мақсаты – себептерді жою және бауырға түсетін жүктемені азайту. Негізгі ұсыныстар:
Кей жағдайларда, егер қандай да бір дәрі майдың жиналуына әсер етсе, дәрігер қабылдап жүрген препараттарды өзгертуі немесе түзетуі мүмкін.
Бауырдың өзін-өзі қалпына келтіру қабілеті өте жоғары. Ауру ерте кезеңде анықталса және пациент дәрігердің барлық ұсыныстарын орындаса, бауырдағы майдың жиналуы мен қабыну азайып, зақымданған тіндер белгілі бір деңгейде қайта қалыптасуы мүмкін.
Ең маңыздысы — емді неғұрлым ерте бастау. Ерте басталған ем бауырдың сауығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Ал цирроз немесе бауыр қатерлі ісігі дамыған жағдайда зақымданған тін толық қалпына келмейді, бірақ дұрыс ем мен бақылау аурудың әрі қарай нашарлауын баяулатуға көмектеседі.
Профилактиканың ең тиімді жолы — денсаулыққа пайдалы өмір салтын ұстану:
• салмақты және тамақтануды бақылау;
• алкогольді шамадан тыс пайдаланбау;
• көп қимылдау, физикалық белсенділікті арттыру;
• қант пен холестерин деңгейін қадағалау;
• тұрақты медициналық тексеруден өтіп тұру.
Бауыр соңғы кезеңге дейін ауырмайды, сондықтан профилактика — оның денсаулығын сақтаудың ең дұрыс жолы.
Бауырдың майлы ауруы (стетатоз) — үкім емес, ағзаның көмекті қажет ететінін білдіретін белгі.
Егер дер кезінде дәрігерге жүгініп, өмір салтын өзгертсеңіз, бұл дертті бақылауда ұстауға және тіпті кері қайтаруға болады.
Бауырды күтімде ұстаңыз — оның жұмысы тек ас қорытуға ғана емес, жалпы хал-жағдайға, энергия деңгейіне және ұзақ өмір сүруге әсер етеді.
Бауырдың майлы ауруы (стеатоз, майлы гепатоз) гастроэнтеролог немесе гепатолог емдейді.
Бұл мамандар бауыр аурулары, зат алмасу бұзылыстары, өт қабы және ас қорыту жүйесімен байланысты мәселелерді диагностикалау және емдеумен айналысады.
Дәрігер УЗИ, талдаулар тағайындап, аурудың сатысын анықтайды және дұрыс ем жоспарын ұсынады: тамақтану мен өмір салтын түзету, қажет болса дәрілік терапия және динамикалық бақылау.
Ең ыңғайлы тәсіл — TopDoc.kz сервисін пайдалану. Платформада сіз:
• маманды стажы, бағасы, қабылдау орны және рейтингі бойынша таңдай аласыз;
• нақты пациенттердің пікірлерін оқи аласыз;
• дәрігер қандай ауруларды емдейтінін және қандай тексерулер жүргізетінін көре аласыз;
• онлайн жазылу, WhatsApp арқылы немесе +7(707)2255009 колл-орталық арқылы қабылдауға тіркеле аласыз.
Егер қай дәрігерге баруды білмесеңіз, TopDoc.kz кеңесшілері сіздің шағымдарыңызды тыңдап, тәжірибелі гастроэнтерологты таңдап береді және сізді ыңғайлы уақытқа жазып қояды.
TopDoc.kz — бауырдың майлануын емдейтін сенімді дәрігерді жылдам және оңай табудың ең жақсы жолы.
Майлы гепатозды (бауыр стеатозы) емдейтін үздік гастроэнтерологтар:
🔶 Балалар және ересектер гастроэнтерологы, паразитолог, УДЗ маманы
🔶 Тәжірибесі: 13 жыл
🔶 Дәлелді медицинаның дәрігері
🔶 100-ден астам оң пікір
🔶 Асқазан-ішек жолы ауруларын, паразитоздарды емдейді.
🔶 Пікірлер: Пациенттер дәрігердің сезімталдығын, жанашырлығын және қажетсіз талдаулар тағайындамайтынын ерекше атап өтеді.
🔶 Интегративті гастроэнтеролог
🔶 Тәжірибесі: 34 жыл
🔶 Ас қорыту жүйесінің ауруларын интегративті және превентивті тәсілмен емдеу бойынша сарапшы, соның ішінде алкогольсіз бауыр майлы ауруы.
🔶 Пікірлер: Пациенттер Алия Достановнаны бүкіл ағзаны біртұтас жүйе ретінде қарайтын, мәселенің түп себептерін тез табатын мықты маман деп сипаттайды.
🔶 Гастроэнтеролог, гепатолог, терапевт
🔶 Еңбек өтілі 8 жыл
🔶 14 жастан бастап ересектер мен жасөспірімдерді қабылдайды
🔶 Метаболизммен байланысты майлы бауыр ауруын емдейді
🔶 Гастрит, панкреатит, вирустық гепатит, бауыр циррозы, тітіркенген ішек синдромы, Крон ауруы және т.б. емдейді
🔶 Гастроэнтеролог, терапевт
🔶 Еңбек өтілі 36 жыл
🔶 Ересектер мен туғаннан бастап балаларды қабылдайды
🔶 Асқазан-ішек жолы ауруларын, метаболикалық синдромды емдейді
🔶 Артық салмақты түзету
🔶 Гастроэнтеролог, терапевт
🔶 Еңбек өтілі 30 жыл
🔶 18 жастан бастап пациенттерді қабылдайды
🔶 Бауыр ауруларын: гепатит, бауырдың майлы дистрофиясы, Жильбер синдромы және т.б. емдейді
🔶 Панкреатит пен асқазан ауруларын емдеуде жоғары біліктілікке ие