• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2025
  • Жұтқыншақ қабынуы. Фарингит қазақша

    Жұтқыншақ қабынуы - жұтқыншақтың шырышты қабығы мен лимфоидты тінінің қабынуы. Жұтқыншақ — мұрын мен ауызды, сондай-ақ өңеш пен көмекейді байланыстыратын орган. Жұтқыншақ мұрын қуысынан көмекейге ауа, ал ауыздан өңешке тамақ жеткізеді. Жұтқыншақтың қабынуы жедел және созылмалы түрде болуы мүмкін. Жұтқыншақ қабынуы басқа жұқпалы аурулардың (ЖРВИ, тұмау, қызылша, қызамық және т.б.) симптомы бола алады. Қабыну процесінің сипатына қарай катаральды, атрофиялық, гипертрофиялық, түйінді жұтқыншақ қабынуын ажыратады.

    Диагностика

    Диагностика үшін отоларинголог (Құлақ, мұрын, тамақ дәрігеріне) немесе терапевтке қарап тексерілу жеткілікті, қажет болған жағдайда жұтқыншақтан алынған жағындының бактериологиялық себіндісі, қан құрамында стрептококқа қарсы денелер анықталады. Жұтқыншақ қабынуын созылмалы тонзиллиттен (тамақ ауруынан) ерекшелігі - жұтқыншақ қабынуындағы ауырсыну мен дене температурасы аз, жөтел, кейде мұрын ағуы және түшкіру болады. Басқа белгілер (мысалы, бөртпе, жүрек айну, құсу) бар болған жағдайда жұтқыншақ қабынуы симптом ретінде қарастырылып, негізгі ауру диагнозы анықталады.

    Симптомдары

    Тамақтың құрғауы, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, дене қызуының 37-38 градусқа дейін көтерілуі, тамақтағы ауырсыну, ауырсыну құлаққа тарауы мүмкін, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауыруы. Атрофиялық жұтқыншақ қабынуында жұтқыншақ лакпен қапталғандай көрінеді.

    Алғашқы көмек

    Қоздыратын тағамдарды (ыстық, суық, қышқыл, ащы, тұзды) тамақтан алып тастау, науқас орналасқан бөлмедегі ауаны ылғалдандыру. Науқасқа темекі шегуден және ішімдіктен бас тарту ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық ішу, жұтқыншақты шаю, сулау көрсетіледі.

    Емдеу

    Жедел жұтқыншақ қабынуында дәрігер жергілікті антибиотиктер (аэрозольдар) немесе антисептикалық құралдарды, шаюды және т.б. тағайындауы мүмкін. Антибиотиктер әрқашан тағайындалмайды. Электрофорез, ультракүлгін сәулемен емдеу, кварцтау сияқты физиотерапия пайдалы болады.

    Алдын алу

    Жұтқыншақ қабынуының алдын алу басқа жұқпалы немесе вирустық аурулардың алдын алумен бірдей: шынығу, салауатты өмір салты, темекіні тастау. Зиянды химиялық факторларға байланысты дамитын жұтқыншақ қабынуы жағдайында жұмыс орнында тыныс алу жолдарын қорғау құралдарын пайдалану ұсынылады, ал атмосфераға зиянды заттар шығарылғаннан кейін ғимараттан шықпау ұсынылады.

    Себептері

    Бактериялар, саңырауқұлақтар мен вирустардан басқа, жұтқыншақ қабынуы жиі қоздырушы әсерлерден туындайды: тым суық немесе ыстық ауаны, бу, түтін, улы химиялық заттар, зиянды газдарды жұту. Қазақстанда жедел және созылмалы жұтқыншақ қабынуы жиі өнеркәсіптік қалалар тұрғындарында, атмосфераға зиянды заттар шығарылатын жерлерде (мысалы, Өскемен) тіркеледі.

    Жұтқыншақ қабынуының туындау себебі миндаль бездерінің қабынуы, мұрын қуысының қабынуы, эндокриндік жүйенің бұзылулары болуы мүмкін.

    TopDoc.kz ЛОР-дәрігерді іздеуде қалай көмектесе алады?

    Егер сізге ЛОР-дәрігері (отоларинголог) қажет болса, TopDoc.kz бұл іздеуді әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы, Алматы қаласында 60-тан астам ЛОР маманы тіркелген. Сіз оларды:

    • еңбек өтілі, рейтинг, пациенттердің пікірлері бойынша салыстыра аласыз;
    • онлайн өтінім қалдырып, ыңғайлы уақытқа жазыла аласыз;
    • егер сайтпен жұмыс істеу қиын болса, +7(707)2255009 қоңырау шалып немесе WhatsApp арқылы жазылуға болады — колл-орталық сізге көмектеседі.

    Барлығы сіз үшін ыңғайлы, жедел және түсінікті форматта жасалған.

    TopDoc.kz ұсынатын ЛОР-дәрігерлер (отоларингологтар)

    Ганиев Эип Ибрагимович — 5 жұлдыздық рейтингке ие ЛОР-дәрігер. 100-ден астам оң пікір алған. Құлақ, тамақ және мұрын қабынуын емдейді. Заманауи ЛОР-комбайн құрылғысын пайдаланады.

    Асильбекова Жанна Абдуманаповна — 31 жылдық тәжірибесі бар, білімді және тәжірибелі ересектер мен балаларға арналған ЛОР маманы. Ринит, отит, синусит, фарингит, аденоид, құлақ мүкістігі, ларингитті емдейді.

    Хасанов Вазир Насырдинович — ересектер мен балаларға арналған отоларинголог, тәжірибесі — 15 жыл. Құлақ, тамақ, мұрын ауруларына байланысты амбулаториялық, стационарлық және хирургиялық ем жүргізеді.