8 жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі акушер-гинеколог. Кәсібилігі мен іске адалдығы оны әріптестері мен пациенттері арасында құрметті маман етеді. Әр пациентке жеке көзқарас табады. Шетелде кәсіби біліктілігін тұрақты жетілдіріп, тақырыптық дәрістер мен ғылыми семинарларға қатысады, әріптестерімен тәжірибе алмасады. Амбулаторлық қабылдау жүргізеді, консервативтік және оперативтік әдістермен емдейді.
- Балалық шақтан бастап менопаузаға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі гинекологиялық пациенттерге кеңес беру және оларды жүргізу;
- Жүктілікті жүргізу, оның ішінде босандыру және босанғаннан кейінгі бақылау;
- Жұғындылар алу, гистологиялық зерттеуге биопсия жасау;
- Лабиопластика;
- Папиллома мен кондиломаны алып тастау;
- «Мирена» жатырішілік жүйесін орнату;
- Жатырішілік спираль орнату.
2018–2023 жж. №3 қалалық емхана, акушер-гинеколог дәрігер
2023–2025 жж. «Гармония» Әйел денсаулығы орталығы, гинеколог дәрігер
2026 ж. – қазіргі уақытта: «Эмирмед» медициналық орталығы, акушер-гинеколог дәрігер
2010–2015 жж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, жалпы медицина факультеті, медицина бакалавры
2015–2017 жж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша интернатура
2017–2020 жж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «акушерлік және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы» мамандығы бойынша резидентура
Біліктілікті арттыру
2023 ж. Жатыр мойны мен қынаптың обыр алдындағы аурулары. Жатыр мойны обырының ерте кезеңдері. Кольпоскопия. Ұздіксіз білім беру ұлттық орталығы PROFESSIONAL
2023 ж. Гинекологиядағы плазмолифтинг, плазмогель, ADEMAU академиясы
2024 ж. ANTI AGE EXPERT халықаралық мектебі, 7-модуль: әйел ағзасының физиологиясы мен патологиясы. Жасқа байланысты өзгерістерді диагностикалаудағы және түзетудегі пәнаралық тәсіл
2025 ж. «Контрацепция мен отбасын жоспарлаудың заманауи әдістері», БҰҰ Халық саны қоры (UNFPA)