Кәсіби дағдылар:
Гастроэнтерологиялық және терапиялық профильді науқастарды қабылдау:
- амбулаторлық қабылдауды жүргізу, науқастарды алғашқы кеңес беру;
- емдеу жоспарын құрастыру; кеңес беру кезеңдерінде сүйемелдеу.
Диагностика, ем тағайындау:
- диагностикалық процедураларды тағайындау;
- диагноз қою; диагностикалық процедуралар жоспарын дайындау.
Анализдерді интерпретациялау: зертханалық-аспаптық зерттеу деректерін талдау.
Жедел медициналық жәрдем көрсету, медициналық құжаттарды жүргізу, санитарлық-ағартушылық жұмыстарға қатысу және өткізу. Медициналық препараттарды тағайындау: ішкі ағзалар ауруларын емдеу мен бақылау тағайындау.
2007 - 2012жж. С.Д Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті, мамандығы «Жалпы медицина», біліктілігі «Медицина бакалавры»
2012 - 2014жж. С.Д Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті, «Терапия» мамандығы бойынша интернатура, біліктілігі «дәрігер-терапевт»
2018 - 2020жж. Тұрақты білім беру Қазақ Медицина университеті, «Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша резидентура
Біліктілікті арттыру
2018ж. Тұрақты білім беру Қазақ Медицина университеті, Нұр-Сұлтан қ. филиалы. «Терапияның өзекті мәселелері» циклі. «Терапия» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
2018ж. «ВШОЗ» Қазақстан медициналық университеті. «Күндізгі стационар жағдайында жедел жәрдем көрсету» циклі. «Терапия» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
2018ж. ЖШС «Ұлттық оқу-клиникалық орталық». Симуляциялық технологияларды қолдану арқылы практикалық дағдылар алгоритмдерін үйрену семинар-тренингі. Сертификат.