Жалпы мәліметтер
- Премедикация – науқасты анестезиялауға дайындау (тыныштандыратын, антигистаминді және басқа да дәрілерді енгізу);
- Жалпы анестезия (ингаляциялық, көктамырішілік);
- Регионарлы анестезия (жұлын, эпидуралды);
- Жүйке-блоктық, жергілікті анестезия;
- Трахеяны интубациялау және тыныс алу жолдарының өткізімділігін қамтамасыз ету;
- Операция кезінде өмірлік функцияларды мониторлау (ҚҚ, ЖСЖ, ЭКГ, SpO₂, температура, қанның газдық құрамы);
- Анестезия жүргізу мен бақылау;
- Пациентті анестезиядан шығару және операциядан кейінгі палатада бақылау.
- Жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР) – жүрек/тыныс тоқтағанда;
- Орталық тамырларды катетерлеу (мойын, бұғана, сан тамырының ішінде);
- Инфузиялық терапия жүргізу – сұйықтықтар, дәрілер, қан енгізу;
- Ауыр науқастарда тромбопрофилактика;
- Инотропты және вазопрессорлы қолдау (шок, гипотензия кезінде);
- Өкпенің жасанды вентиляциясы (ӨЖВ);
- Реанимацияда пациенттердің седациясы және ауырсынуды басу;
- Су-электролитті және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті бақылау және түзету;
- Сана мониторингісі (Глазго шкаласы).
- Мочевый катетерлерді, назогастральды зондтарды орнату;
- Кеуде қуысының пункциясы және дренаждау (қажет болғанда);
- Қанның газдық құрамы және қышқыл-сілтілік күйін талдау;
- Қан жоғалтуды, гемодинамиканы, тыныс алу функциясын бағалау;
- Емдеу блокадасын жүргізу (кейбір жағдайларда).
- Хирургиялық патологиясы бар науқастарды қарау және жүргізу;
- Проктологиялық патологиясы бар науқастарды қарау және жүргізу;
- Бауыр патологиясы бар науқастарды тексеру (улы және вирусты гепатиттер, цирроздар);
- АІЖ (асқазан ішек жолының) аурулары бар науқастарды жүргізу және емдеу (гастриттер, эрозиялық гастриттер, асқазан мен 12 елі ішек жарасы);
- Тері және тері қосалқыларының іріңді-қабыну ауруларын емдеу (фурункулдер, карбункулдер, абсцесстер, флегмоналар, лимфадениттер, гидрадениттер);
- Липомалар, атеромалар, гигромалар, кондиломаларды алып тастау;
- Жараларды емдеу, кез келген түрдегі таңғыштар жасау;
- Жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу;
- Дренаждарды ауыстыру және қайта бекіту;
- УДЗ бақылауымен кенет сұйықтық жиналуы мен бауыр абсцесстерін дренаждау;
- Анал қышу мен жарықтарды диагностикалау және емдеу;
- Ішек қабыну ауруларын диагностикалау және емдеу;
- Ішкі, сыртқы, созылмалы геморройды диагностикалау және емдеу (соның ішінде жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерде, емшекпен емізу кезінде);
- Эпителиалды-копчиктік киста (жолдар) диагностикалау және емдеу;
- Жедел және созылмалы парапроктитті (тік ішек фистулалары) диагностикалау және емдеу;
- Консультация, тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректерін интерпретациялау;
- Холецистэктомия;
- Тері арқылы бауырішілік холангиостомия (ЧЧХС);
- Холецистостомия.
Жұмыс тәжірибесі
05.03 - 15.09.2020ж. Қалалық емхана №2, дәрігер – хирург, Тараз қаласы
20.12.2020ж. Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасы, дәрігер анестезиолог және реаниматолог
2025ж. - қазіргі уақытқа дейін - "Эмирмед" Медициналық Орталығы, дәрігер хирург, анестезиолог және реаниматолог
Білім
2012-2017жж. Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университет
2017-2019жж. Қарағанды Медициналық Университет (интернатура хирургия)
2019-2022жж. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті. Ординатура (дәрігер анестезиолог және реаниматолог, соның ішінде балалар)
2022-2024жж. С.Б. Данияров атындағы Қырғыз Мемлекеттік Медициналық Институты қайта даярлау және біліктілікті көтеру. Ординатура (дәрігер – хирург)