Жалпы мәліметтер
Хирургия саласында 5 жылдық тәжірибе дәрігерге ультрадыбыстық зерттеу жүргізу кезінде терең клиникалық ойлауды қолдануға, ультрадыбыстық көріністі клиникалық симптомдармен салыстырып, патологияны анықтауға және дұрыс қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл қорытынды тар бейінді мамандарға дұрыс диагноз қоюға және тиімді ем тағайындауға жәрдемдеседі.
Өткізілетін диагностика түрлері:
- Қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Сілекей бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Лимфа түйіндерінің ультрадыбыстық зерттеуі (мойын, үстібұғана және бұғанаасты, қолтықасты, шап);
- Әйелдердің сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Ерлердің сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Жұмсақ тіндердің ультрадыбыстық зерттеуі (тері, теріасты май қабаты, бұлшықеттер);
- Плевра қуысының ультрадыбыстық зерттеуі;
- Іш қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі (бауыр, ұйқыбез, өт қабы, өт шығару жолдары, көкбауыр);
- Бүйректердің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Бүйрек үсті бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Қуықтың ультрадыбыстық зерттеуі;
- Қуықасты безінің ультрадыбыстық зерттеуі (трансабдоминалды, трансректалды);
- Ұма ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі;
- Жыныс мүшесінің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Әйелдердің кіші жамбас ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі (трансабдоминалды, трансвагиналды);
- Буындардың ультрадыбыстық зерттеуі (иық, шынтақ, білезік, жамбас, тізе, тобық);
- Ерте мерзімдегі жүктіліктің ультрадыбыстық зерттеуі;
- Фолликулометрия;
- Жатыр түтіктерін препаратпен үрлеу;
- Бауырдың ығысу толқыны эластографиясы (SWE);
- Бауырдың ығысу толқыны дисперсиясының эластографиясы (SWD);
- Қалқанша және сүт бездерінің компрессиялық эластографиясы;
- Паренхиматозды ағзалардың ангиографиясы.
Жұмыс тәжірибесі
2016–2021 жж. ОГБУЗ «Бакчарская районная больница», хирург дәрігер, Ресей
2025 ж. Санкт-Петербургское ГБОУ «Городская поликлиника №48», ультрадыбыстық диагностика дәрігері, Ресей
2025 ж. - қазіргі уақытқа дейін - ТОО «Клиника восстановительной медицины и реабилитации «Fenix», ультрадыбыстық диагностика дәрігері, Астана қ.
Білімі
2009–2015 жж. ГБОУ ВПО «Амурская государственная медицинская академия», біліктілігі – дәрігер, Ресей
2015–2016 жж. ГБОУ ВПО «Амурская государственная медицинская академия», мамандығы – хирургия, Ресей
2025 ж. ФГБВОУ ВО «Военно-медицинская академия имени С.М.Кирова», мамандығы – ультрадыбыстық диагностика, Ресей
Ассоциацияларға қатысу
Ресейдің медицинадағы ультрадыбыстық диагностика мамандары қауымдастығының мүшесі
Медицина мен биологиядағы ультрадыбыс жөніндегі Дүниежүзілік федерацияның (WFUMB) мүшесі
Медицина мен биологиядағы ультрадыбыс жөніндегі Еуропалық қоғамдар федерациясының (EFSUMB) мүшесі