Тынышбай Енлік Бақытжанқызы – тәжірибелі УДЗ дәрігері, заманауи әрі тиімді диагностика әдістерін қолданады, жоғары дәлдікті аппаратурамен жұмыс істейді. Еңбек жолында өзін ісін жетік білетін, жауапты әрі тәртіпті маман ретінде көрсетті.
Енлік Бақытжанқызының негізгі міндеттері:
- пренаталдық ультрадыбыстық скринингтер;
- ұрықтың эхокардиографиясы мен нейросонографиясы;
- экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді ультрадыбыстық бақылау;
- көпұрықты жүктілікті, соның ішінде фето-феталдық трансфузия синдромымен асқынған жағдайларды УДЗ-бақылау.
Енлік Бақытжанқызы біліктілігін жүйелі түрде арттырып, ультрадыбыстық диагностикадағы соңғы жаңалықтарды жетік меңгерген.
Кәсіби еңбегі үшін пациенттер мен дәрігерлерден көптеген оң пікір алып, құрметке ие.
Орындайтын зерттеулер:
2023 ж. ШЖҚ «№2 қалалық көпсалалы аурухана» (акушериялық блок), «Ұрықты қорғау орталығында» УДЗ дәрігері
2014 – 2019 жж. «Астана медицина университеті», бакалавриат – жалпы медицина
2019 – 2021 жж. «Астана медицина университеті», интернатура – жалпы медицина
2021 – 2023 жж. «Астана медицина университеті», резидентура – радиология
2024 ж., 2026 ж. Жүкті әйелдердің 2–3 триместріндегі ультрадыбыстық пренаталдық скрининг
2024 ж. Қан тамыр жүйесін кешенді ультрадыбыстық зерттеу; гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностика
2025 ж. Ұрықтың эхокардиографиясы және жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық допплерография
2025 ж. Халықаралық конференция: пренаталдық скринингтің стратегиясы мен тактикасы
2026 ж. Жүкті әйелдердің І триместріндегі ультрадыбыстық пренаталдық скрининг
2026 ж. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: Bridging Minds and Hearts — Fetal Echocardiography and Neurosonography along the Silk Road / Пренаталдық кезеңдегі визуализация мен диагностиканың озық әдістері: ұрықтың эхокардиографиясы және нейросонография
2025 ж. Мастер-класс: ұрықтың эхокардиографиясы және жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық допплерография
Мастер-класс «Ұрықтың эхокардиографиясы бойынша нұсқаулық»
«Ұрық ЭХОКГ-сының қосымша/көмекші режимдері, жүрек морфометриясы» тақырыбындағы мастер-класс, Z-SCORE