Травматолог-ортопед дәрігер-резидент, тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын диагностикалау, емдеу және алдын алуға маманданған. Практикасында диагностика мен емдеудің заманауи халықаралық тәсілдерін қолданады, науқастың жеке ерекшеліктеріне және өмір сапасын қалпына келтіруге ерекше мән береді. Сүйек пен буын жарақаттары, тірек-қимыл аппаратының дегенеративті аурулары, спорттық жарақаттар, омыртқа мен буындардың ауырсыну синдромдары бар науқастарды жүргізу бойынша клиникалық дағдылары бар.
Клиникалық қарап-тексеруді, рентген, КТ және МРТ нәтижелерін интерпретациялауды жүргізеді, операциядан кейінгі және реабилитация кезеңдерінде науқастарды бақылайды. Травматология-ортопедия саласындағы операцияларда ассистенттік ету және күрделілік деңгейі әртүрлі пациенттермен жұмыс тәжірибесі бар. Заманауи ортопедия, спорттық медицина, регенеративті емдеу әдістері мен буын патологиялары ерекше қызығушылық тудырады.
Клиникалық қызметін ортопедия және травматология саласындағы ғылыми және зерттеушілік жұмыстармен ұштастырады. Ғылыми жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы, медициналық әдебиетті талдау дағдылары мен дәлелді медицинаның қағидаттарын меңгерген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, бұл халықаралық академиялық ортада пациенттермен және әріптестермен тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Жұмысында жауапкершілігімен, ұқыптылығымен, кәсіби дамуға жоғары мотивациясымен және көпсалалы клиникалық практика жағдайында командамен жұмыс істей білуімен ерекшеленеді.
2022 - 2025 ж – Клиникалық прецептор, Назарбаев Университеті Медицина мектебі
2025 ж. - қазіргі уақытқа дейін — академик Н.Д. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы, кіші ғылыми қызметкер
2026 ж. - қазіргі уақытқа дейін - Zere clinic көпсалалы медициналық орталығы, ортопед-травматолог дәрігер
· Сүйек, буын және байлам аппаратының жарақаттары;
· Сынықтар, шығулар, созылулар және спорттық жарақаттар;
· Ірі және ұсақ буындардың артроздары;
· Тізе, иық, жамбас және тобық буындарының ауырсыну синдромдары;
· Менисктер мен байламдардың зақымданулары;
· Буындар мен жұмсақ тіндердің қабыну аурулары;
· Тірек-қимыл аппаратының дегенеративті-дистрофиялық аурулары;
· Омыртқа ауырсынулары және тірек-қимыл аппаратының аурулары;
· Жарақаттар мен ортопедиялық операциялардан кейінгі реабилитация және қалпына келтіру;
· Травматология-ортопедиялық бейіндегі пациенттерді операциядан кейін бақылау;
· Тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарының алдын алу;
· Ортопедиялық ауруларды консервативті емдеу;
· Тірек-қимыл аппаратының рентгенографиясы, КТ және МРТ нәтижелерін интерпретациялау.
2013 – 2014 жж. NUFYP дайындық бағдарламасы, Назарбаев Университеті, Астана қ., Қазақстан
2014 – 2018 жж. Биология ғылымдарының бакалавры (Bachelor of Science in Biology), Назарбаев Университеті, Астана қ., Қазақстан
2018 – 2022 жж. Медицина докторы (MD), Назарбаев Университеті Медицина мектебі, Астана қ., Қазақстан
2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін - «Травматология және ортопедия» мамандығы бойынша резидентура, Назарбаев Университеті Медицина мектебі, Астана қ., Қазақстан. Оқытудың 4-ші жылы